«Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы

Шығарылым кестесі: тоқсан сайын (жылына 4 рет)

Жарияланатын тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс

ISSN: 1680-9165

МББ тіркеу туралы куәлік: 17029-Ж от 09.04.2018

Журналдың жазылу индексі: 76129 («Қазпошта» АҚ - «Пошталық сервис»)

Инженерлік бағыттағы «Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы 2001 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шығарылады. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді жариялайды.

«Қазақстан ғылымы мен техникасы» журналы РИНЦ ғылыми дәйексөзінің ресейлік Ұлттық библиографиялық базасында, импакт-фактор 2018 жылы 0,270 тең және ашық қол жеткізу ғылыми электрондық кітапханасында (Open Access) CyberLeninka-да тіркелген.

«Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналына жариялануға келесі бағыттар бойынша мақалалар қабылданады:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Материалтану және технологиялар

Машина жасау

Металлургия

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Механика, физика және математика

Мұнай-газ инженерия

Құрылыс және материалдар өндірісі

Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

Көлік және логистика

Химиялық инженерия және процестер

Электротехника, энергетика, жылу энергетикасы және автоматтандыру